Messe Frankfurt өкілдігі Messe Frankfurt – өз көрме алаңдары бар, дүниежүзіндегі ең ірі көрме, конгресс және іс-шаралар ұйымдастырушы компания. Messe Frankfurt Майндағы Франкфурт қаласының өзінде де, бүкіл дүниежүзінде де іс-шаралар өткізіп келе жатқан 800 жыдық тарихы бар компания. 30 елде жұмыс істейтін 2600 шақты қызметкері бар Messe Frankfurt бүкіл дүниежүзін қамтып, клиенттерінің мүддесі жолында тәулік бойы жұмыс істеп келеді. Messe Frankfurt халықаралық желісінің тиімділіне және іс-шараларының сапасына 100 000-нан астам экспонент пен 4,5 миллионнан астам көрме қонағы сенім артып отыр. 2024 жылы BMCA Орталық Азиядағы Messe Frankfurt ресми өкілі болып тағайындалып, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Түрікменстанда жобалар жүргізіп келеді. Messe Frankfurt пен BMCA бірлесіп, келешек трендтер мен жаңа технологияларды ұштастырып, аймақтағы нарықтар мен сұранысты жұрттың қажетіне жалғап келе жатыр.
centralasia.messefrankfurt.cominfo@centralasia.messefrankfurt.com.