BMCA Live KZ

БеНиЛюкс Сауда палатасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Business Media Central Asia (BMCA) және «БеНиЛюкс Сауда палатасы» қауымдастығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осылайша тараптар ұзақмерзімді әріптестікті, халықаралық іскерлік байланыстарды кеңейтуді және компаниялардың BMCA жобалары мен бірлескен бастамаларға қолдау көрсету өзара ниетін бекітті.

Меморандум аясында сараптамалық және ақпараттық қолдау көрсету, сондай-ақ ресми серіктес мәртебесін беру көзделген. BMCA үшін бұл Палатаның желісі арқылы халықаралық аудиторияны кеңейтуге, көрмелердің беделі мен танымалдылығын күшейтуге, сондай-ақ іскерлік бағдарламаның сарапшылары мен қатысушылар тізімін нығайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстандағы БеНиЛюкс Сауда палатасы — Бельгия, Нидерланд және Люксембург компанияларына Қазақстан нарығында іскерлік байланыс орнатуға көмектесетін, сондай-ақ қазақстандық компаниялардың БеНиЛюкс нарығына шығуына қолдау көрсететін коммерциялық емес бизнес-қауымдастық.

Осы тұрғыда Нидерландтың Қазақстан экономикасындағы ең ірі шетелдік инвестор мәртебесін сақтап отырғанын атап айтқан жөн. Атап айтқанда, бұл инвестициялардың көлемі шамамен 126 млрд АҚШ долларын құрайды.